Оңтүстік Қазақстан облысында осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған бүлдіршіннің тағдырын айтқан қоғам белсендісі, отбасында зәбір көріп отырған балаға араша сұрап ҚР Бас прокуратура мен Балалар құқығы жөніндегі омбудсменге жолдаған хаттарына әлі күнге жауап ала алмай отырғанын жазыпты.
ERNUR.KZ. Қоғам белсендісі, «ДОМ» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында Сарыағаштық 7 жасар баланың ісін жүргізіп жатқан тергеушінге қатысты күдігін айтты. Оңтүстік Қазақстан облысында осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған бүлдіршіннің тағдырын айтқан қоғам белсендісі, отбасында зәбір көріп отырған балаға араша сұрап ҚР Бас прокуратура мен Балалар құқығы жөніндегі омбудсменге жолдаған хаттарына әлі күнге жауап ала алмай отырғанын жазыпты. Осы орайда, сол кездегі істі де Сарыағаштық баланың ісін жүргізген тергеушінің де есімі «Тофик, және олардың телефон номерлері де бірдей» деген екіұдай, күмәнді ойын ортаға салыпты.
«Білесіздер ме, мен сіздерге бір қыз және тергеуші Тофик жайында айтайын.
ОҚО Абай ауылында болып жатқан оқиғаға біз барлығымыз кінәліміз. Дегенмен, жүргізіліп жатқан тергеу істері мән-жайды ашып көрсетеді. Бірақ, 2017 жылғы тамыздан бері полиция қызметкерлері ешқандай қимыл жасамағаны ол, «системалық ақау» емес, бұл тұрғындардың қайғысы...
Бұндай жағдайларда барлығымыз кінәліміз. Мен сіздерге бір оқиға туралы айтқым келіп отыр. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде айтылған жоқ, себебі өте қайғылы, ең қайғылысы бұл оқиғада баланың жағдайы өте ауыр, әрі ешнәрсе өзгертуге мүмкін болмады. Біз заңға қарайлап, 2016 жылы бас прокуратураға жүгіндік, 2017 жылы қайта прокуратураға бардық. Отбасымен жұмыс істеуге тырыстық, қолымызда бар барлық ақпаратты балалар құқығын қорғау органдарына тапсырдық. Бірақ...
Қазірге дейін бізге ешқандай хабар келген жоқ, бас прокуратурадан, ОҚО полициясынан, ешкімнен. Біз бас прокуратураға бірнеше рет барып хабар алуға тырыстық, ОҚО-дағы осы іске жауапты прокурор Арман Хасеновпен, тергеуші Тофикпен де байланысқа түсіп хабар алуға тырыстық. 2018 жылғы Абай аулындағы бала ісі сияқты, ол іс те шұбалаңқы.
Біз не істей алатын едік? Біз күттік. Ол жақта басқа да балалар бар, оларға да көмек керек. Жергілікті билік тиісінше, заң бойынша назар аудармаған болуы керек. Қазір Абайлық бала ісі біздің жүрегімізді ауыртқаны соншалық біз істің заңды түрде шешілгенін қалаймыз. 2016 жылы қаңтарда біздің қорымызға 2011жылы туылған Айна (аты өзгертілген) есімді қаз баланың әкесі келіп қызын шетелде емалуға жіберуімізді сұрады. Қыздың ас қорыту жүйесіне ота жасату керектігін айтқан. Қордың ережелеріне сәйкес баланың ата-анасынан алған медициналық анықтамалардың барлығын біз түрлі мекемелерге жібердік. Оның ішінде халықаралық Анна Вербинаның «Фортис» «МедИндия» клиникасы да бар. Осылар біз науқасқа керекті емшараларды анықтаймыз. Анықтамаларды көргеннен кейін «МедИндия» қызметкерлері таң қалды. Балада өміріне қауіп төндіретін дене жарақаттары болған. Айна 2 жасқа келгенде ас қорыту жүйесін күйік шалған. Егер балалар байқаусызда сірке қышқылын ішіп койса, ауыз қуысын күйік шалады, бұл оқиға да Айнаны күштеп сірке қышқылын ішкізген. Себебі, қыздың мұрын қуысы, тыныс жолдарымен ас қорыту жолдарын күйік шалған. Бала өз бетінше тамақтана алмайды,түтікше арқылы тек сұйық тағамдарды ішеді. 2014 жылдың тамызында баланың көптеген жеріне тігін инесі тығылғын, сол иненің біреуі жүрекке небәрі 1-2 миллиметр жетпей қалған. Соңында балаға көптеген ауыр дерт жабысқан. 2014 жылы бұл іске құқық қорғау органдары араласып, іс соңына жетпеген»,- деп жазған Аружан Саин.