Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жақсы күйде екенін және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін мәлімдеді.
фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК
Донор туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік туды:
"Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жақсы күйде екенін және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін мәлімдеді. Бұл өмірді сақтап қалуға келгенде жастың кедергі емес екенін тағы бір рет растайды", - дейді денсаулық сақтау министрлігіндегілер.
Республикалық орталық донордың отбасына олардың батыл шешімі үшін, сондай-ақ үйлесімді жұмысы аса күрделі процесті жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік берген медицина мамандарына зор ризашылығын білдіреді, деп жазды министрліктегілер.


