Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты іс апелляциялық шағыммен қаралып жатыр

0
268

Сонымен қатар адвокат Төлеев ісі де Астана соты апелляциялық алқасының қарауында​.


Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне қатысты іс апелляциялық шағыммен қаралып жатыр

ERNUR.KZ. Астана сотының апелляциялық алқасы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, оның әйелі Ғалия Ысқақованың және адвокат Мұстахим Төлеевтің пара беру және алаяқтық туралы іс бойынша шағымдарын қарауға кірісті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Пара алу ісі Мұхамедиұлының жұбайы Ысқақованың адвокат Төлеев арқылы сотта белгісіз біреуге 460 мың доллар беруге тырысқанына негізделген. Пара беру кезінде экс-министр қылмыстық іс бойынша сегіз жылға сотталған, Ғалия Ысқақова пара беру арқылы үкімді жеңілдетуге тырысқан деп айыпталды.

Салдарынан пара беруге оқталғаны үшін Арыстанбек Мұхамедиұлының бас бостандығын шектеу мерзімі 8 жылдан 11 жылға дейін ұлғайтылды. Оның жұбайы делдалдығы үшін 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал олардың адвокаты Мұстахим Төлеев алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 ай алды.

Қалалық сот істі апелляциялық шағыммен қарауға кірісті.