Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі ұзартылды

0
500

29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды.


Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі ұзартылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп жазады zakon.kz.

"20 желтоқсанда күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімі бір айға ұзартылды".Астана қаласы сотының баспасөз қызметі
29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Тұтқындауға халықаралық көрмелерге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен санкция берген.

Кейін ұрлықтың тағы бір эпизоды ашылды. Антикор Ұлттық музей орындалған жұмыс үшін мердігерге 1,3 млрд теңге төлегенін түсіндірді. Ал, зерттеу жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын көрсетті.