Үкімет асшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.
2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.
ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.