Сарбаз 2024 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге алынған
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
ERNUR.KZ. Қатардағы жауынгердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.
– 2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің (Сарыөзек) мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды. Ол 2024 жылдың 19 қазанында Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы әскерге алынған, - делінген хабарламада.
Кейін аталған агенттік Сарыөзек әскери гарнизонынан ресми түсініктеме алған.
– Даладағы жаттығу барысында мерзімді әскери қызметшінің атыс қаруын қолдану ережелерін бұзу салдарынан кеудесінен жарақат алғаны анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері анықталуда, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының басшылығымен арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің басшылығы қаза тапқан сарбаздың отбасына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады, көмек көрсетілетін болады, - деп жазылған ақпаратта.