Бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі елорда әкімдігінің сұрауынан кейін әлеуметтік мақсатқа беріледі деп мәлімдеген болатын.
Фото: "Электронды сауда алаңы"
ERNUR.KZ. Астана әкімдігі Кәрім Мәсімовтің үйін коммуналдық меншікке қабылдамайды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы редакциясының сауалына жауапта айтылған.
"Астана қаласы активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ қазіргі уақытта аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарланбағанын мәлімдейді", – делінген ведомство жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Астанадағы үйі елорда әкімдігінің сұрауынан кейін әлеуметтік мақсатқа беріледі деп мәлімдеген болатын.
Кәрім Мәсімовтің үйі Қараөткел шағынауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. Бұған дейін бұл нысан 879 мүлікпен бірге аукционға қойылған. Олардың ішінде жиһаз, тұрмыстық заттар, әшекейлер, коллекциялық монеталар мен кәдесый қару-жарақтар бар.