Жеңіс Қасымбек Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездескені туралы желіде бөлісті.
ERNUR.KZ. Астана әкімі өртеніп жатқан пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жасар қызды құтқарып қалған ер адамды марапаттап, екі миллион теңгенің сертификатын табыстады, деп жазады stan.kz.
Жеңіс Қасымбек Алтынбек Алтаевпен және оның ұлымен кездескені туралы желіде бөлісті.
“Алтынбектің айтуынша, қызыл жалынға оранған пәтерді көргеннен кейін балконнан өртеніп жатқан терезеге еш ойланбастан секіріп кірген. Оның осындай жауапты сәтте үрейге бой алдырмай, қауіпке бел буғаны таң қалдырады әрі бұл әрекеті құрметке лайық! Тұрғындарымыздың қысылтаяң сәтте шет қалмай, көмекке ұмтылатынын мақтан тұтамыз!”, – деді әкім жазбасында.
Еске салсақ, Астанада ер адам өртеніп жатқан көпқабатты пәтердің терезесінен ішке кіріп, 15 жасар қызды құтқарып қалған еді.