Пойызда микроклимат жүйесі, USB-рәзетке, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі, велосипедтерге арналған бекіткіштер бар.
фото: Туризм және спорт министрлігі
ERNUR.KZ. Астана-Бурабай бағытындағы туристік пойыздың алғашқы рейсі жолға шықты, деп жазады sputnik.kz.
Астана мен Бурабай арасында аялдамасыз қатынайтын жаңа туристік пойыз іске қосылды. Пойыздың жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.
"6 вагоннан тұратын пойыз 574 жолаушыға арналған. Пойызда микроклимат жүйесі, USB-рәзетке, ойын-сауық контентіне қолжетімді Wi-Fi желісі, велосипедтерге арналған бекіткіштер бар", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен орындар қарастырылған.