Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін LRT құрылысы мәселесін біржола аяқтауды тапсырған болатын.
ERNUR.KZ. «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды», - деді Б. Игенбердинов.
Оның сөзіне қарағанда, Т. Арданға қатысты соттың сырттай шешімі шығарылған.
«Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деп нақтылады ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін LRT құрылысы мәселесін біржола аяқтауды тапсырған болатын.