Астана маңында дөңгелек ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті

0
285

Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.


Астана маңында дөңгелек ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті
Фото: rosava.comERNUR.KZ. Ақмола облысында трасса бойында көліктің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті, деп жазады Stan.kz.


Қайғылы оқиға 11 қыркүйек күні түнде Астана – Петропавл республикалық тас жолының 178-шақырымында болды. Екі жас жігіт жол бойында көліктің дөңгелегін жөндеп жатқан.

Сол сәтте өтіп бара жатқан Nissan Almera көлігінің жүргізушісі жол жиегіндегі адамдарды байқамай, қағып кеткен. Салдарынан 21 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты.

Ал екінші 21 жастағы жігіт түрлі жарақатпен Буландин аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған ми шайқалуы және жарақат диагнозын қойды.

Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.