Астана-Щучинск тасжолында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі

0
126

Жолдарды ашу кезінде шектеулер алынып тасталады.


Астана-Щучинск тасжолында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі кезекті рет жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, деп жазады tengrinews.kz.

"Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Ауа райының өзгеруі жолдағы қауіпсіздікке айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтау өте маңызды. Қаңтардың өзінде ірі жол апаттары тіркелді. Негізгі себеп – көріну мүмкіндігінің төмендеуі кезінде қауіпсіз жылдамдықты сақтамау. Сондықтан азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу үшін көлік ағыны көп жол учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Астана – Щучинск және Астана – Қарағанды бағыттары бойынша 3.24 "Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу" жол белгілері қойылды. Олар нашар көріну, көктайғақ немесе басқа да ауа райы факторлары жағдайында ғана қосылады. Көктайғақ, боран, тұман немесе жалпы қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы хабарламадан кейін бұзушылықтарды тіркеу камераларының параметрлері көрсетілген жылдамдыққа өзгертіледі", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ауа райының нашарлауы туралы ескертулерде, сондай-ақ "Яндекс", "2GIS", "Indrive" және басқа да қосымшаларда енгізілген жылдамдық шегі туралы ақпарат көрсетіледі.

Жолдарды ашу кезінде шектеулер алынып тасталады.