"Астана су арнасы" басшысы мен қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды

0
593

Екі тәулік сайын ауысып жұмыс істейтін машинистер 200 мың теңгеге жуық ақша алады.


ERNUR.KZ. "Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнулқабден өзінің жалақысы мен қызметкерлерінің жалақы қанша екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Кәсіпорында жұмыс істейтін техниктер, оның айтуынша, шамамен 180 мың теңге алады, бұл кәсіпорындағы ең төменгі жалақы.

"Екі тәулік сайын ауысып жұмыс істейтін машинистер 200 мың теңгеге жуық ақша алады. Темір ұсталары - 220-230 мың теңге, қайта өңдеу жұмыстары болған кезде көбірек ақша алады. Бүгінде менің жалақым 725 мың теңге болады. ИТҚ (инженерлік-техникалық қызметкер – еск.) 400 мың теңгеден аса алады", - деді Зейнулқабден су тарифтерін көтеруге арналған қоғамдық тыңдау барысында.

Ол "Астана су арнасы" қызметкерлерінің орташа жалақысы 308 мың теңге екенін айтты.