Астана тұрғыны әйелімен жанжалдасып, оны көліктен жолға лақтырып жіберген (видео)

0
1 388

Олардың жолдағы жанжалы видеоға түсіп, полиция шақырылған.


Астана тұрғыны әйелімен жанжалдасып, оны көліктен жолға лақтырып жіберген (видео)

ERNUR.KZ. Астанада ерлі-зайыптылар жанжалдасып, ер адам әйелін машинадан көшеге лақтырып жіберген, деп жазады stan.kz.

Белгілі болғандай, екеуі де мас болған. Олардың жолдағы жанжалы видеоға түсіп, полиция шақырылған.



Сағат 02.00 шамасында "102" пультіне оқиға куәгерінен GEELY көлігінің мас жүргізушісі жол бойында әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Жүргізуші көлікті тастап, жаяу қашуға әрекеттенгенімен, қамауға алынды.

Көлік ішінде ер адамның әйелі болғаны белгілі болды. Оқиғадан сәл бұрын ерлі-зайыптылар дәмханада ішімдік ішіп отырған, сол жерде олардың арасында жанжал шыққан. Олар мас күйінде көлікке отырған. Көлік жүргізіп келе жатқанда ерлі-зайыптылардың арасындағы төбелес жалғасып, жүргізуші көлікті тоқтатып, әйелді көліктен лақтырып жіберген.

"Полицейлер жүргізушіні көлік жүргізуден шығарып, медициналық тексеруден өтуін сұрады. Алайда жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Полиция талаптарын орындамағаны және алкогольдік масаңдық бойынша тест тапсырудан жалтарғаны үшін жүргізуші 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 15 жылдан бері іздеуде жүрген кісі өлтіруші ұсталғаны туралы жазған едік. Ол әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырып жіберген.