Астана тұрғыны көлігіндегі әдепсіз жазба үшін жазаланды

0
2 469

Түрлі жапсырма немесе әдепсіз сөздер жазылған көліктерді қаладан мезгіл-мезгіл көруге болады.


Астана тұрғыны көлігіндегі әдепсіз жазба үшін жазаланды

ERNUR.KZ. Астанада жүргізуші көлігіндегі әдепсіз стикер-жазба үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Түрлі жапсырма немесе әдепсіз сөздер жазылған көліктерді қаладан мезгіл-мезгіл көруге болады. Алайда мұндай жапсырмалар заңсыз және жүргізуші жауапқа тартылуы мүмкін.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, көлік жүргізушісі табылып, жауапкершілікке тартылған, атап айтқанда 10 350 теңге айыппұл салынған.

"Осы дерекке байланысты полицейлер Mazda автокөлігі жүргізушісін ӘҚБтК-нің 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полициядағылар.

Мұндай деректер анықталса, полицейлер "102" арнасына хабарласуды ұсынады.