Астана тұрғыны мас күйінде көлікті ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

0
278

Ашық тұрған көлікке мініп, құралдың көмегімен көлікті іске қосып, Қарағанды қаласына қарай жол тартқан.


Астана тұрғыны мас күйінде көлікті ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

ERNUR.KZ. Елордада мас күйіндегі азамат көлікті айдап кеткен. Жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарына көлігінің ұрланғаны жөнінде шағымданған, деп жазады Zakon.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Nexia автокөлігін айдап кеткен 31 жастағы жас жігітті ұстады.

Ол іздеуде болған автокөлікті мас күйінде айдап кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат, көршілес көпқабатты үйдің ауласында тұрған артқы есігі құлыпталмаған шетелдік көлікті ұрлап кеткен.

Ашық тұрған көлікке мініп, құралдың көмегімен көлікті іске қосып, Қарағанды қаласына қарай жол тартқан. Ер адам өз кінәсін мойындады.

Осы фактіге қатысы бар адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел уәкілдер заттай айғақты тәркілеп, көлікті иесіне қайтарды.

Астана қалалық полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюға, ұрлықты болдырмау және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.