Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

0
260

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.


Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

ERNUR.KZ. ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.