Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды

0
167

Кеше елордада ауа температурасы +36,8°C-қа дейін көтеріліп, бұрынғы рекордтық көрсеткіштен 0,4 градусқа жоғары болды.


Астанада 85 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Астанада 23 маусым күні осы күнге қатысты 85 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды. Бұл туралы 24 маусымда "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, кеше елордада ауа температурасы +36,8°C-қа дейін көтеріліп, бұрынғы рекордтық көрсеткіштен 0,4 градусқа жоғары болды.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары температура +36,4°C болып, 1941 жылы тіркелген.

Осылайша, 85 жыл бұрын орнатылған рекорд биыл жаңарып отыр.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары шілде айында Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын аз болып, құрғақшылық қаупі сақталатынын болжаған еді. Сонымен қатар синоптиктер алдағы күндері еліміздің оңтүстігі мен шығысында аптап ыстық +40...+42 градусқа дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.