Астанада аялдаманы бүлдірген ер адам Жаңа жылды қамауда қарсы алатын болды

0
61

Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.


Астанада аялдаманы бүлдірген ер адам Жаңа жылды қамауда қарсы алатын болды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Астанада автобус аялдамасын бүлдірген адам ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын масаң күйде аялдама павильонының "беріктігін сынап көрмек" болған.

"Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деді ІІМ өкілі.