​Астанада болашақ спортының халықаралық турнирі өтеді

0
142

Футбол енді тек жасыл алаңда ғана емес, виртуалды әлемде де ойналады.


​Астанада болашақ спортының халықаралық турнирі өтеді

Фото: Istockphoto.com

ERNUR.KZ. Футбол енді тек жасыл алаңда ғана емес, виртуалды әлемде де ойналады. 2026 жылғы The Games of the Future Astana Powered by Samruk Kazyna халықаралық турнирі аясында көрермендер жаңа буын спорты – Phygital Football presented by Samruk Kazyna бәсекесінің куәсі болады.

Бұл форматта матч екі кезеңнен тұрады. Алдымен командалар футбол симуляторында бақ сынаса, кейін сол ойыншылар футзал алаңына шығып, кездесуді шынайы форматта жалғастырады. Екі кезеңде соғылған голдар біріктіріліп есептелетіндіктен, жеңіске жету үшін қатысушылар виртуалды ойында да, алаңдағы кездесуде де жоғары шеберлік көрсетуі қажет.
Халықаралық турнирге әлемнің ең үздік 16 командасы қатысады. Олар чемпиондық атақ пен жалпы жүлде қоры 625 мың АҚШ долларын сарапқа салады.
Жарыс 4–9 тамыз аралығында Астанадағы Qazaqstan Athletic Sport Complex спорт кешенінде өтеді.
Турнир билеттері Freedom Ticketon платформасында сатылымға шыққан.