Астанада ер адам 20 жастағы бойжеткенге шабуыл жасаған (видео)

0
407

Жәбірленуші тұнде үйінің есігіне жақындаған кезде орындықта отырған ер адамды байқаған.


Астанада ер адам 20 жастағы бойжеткенге шабуыл жасаған (видео)

ERNUR.KZ. Астанада көпқабаттың үйдің кіреберісінде ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасады, деп жазады ulysmedia.kz.

Жәбірленуші тұнде үйінің есігіне жақындаған кезде орындықта отырған ер адамды байқаған. Бойжеткен есікті ашып, ішке кірген кезде ер адам шабуыл жасап, сөмкесін жұлып алмақ болған. Бірақ қыз қашып үлгерген. Бұл сәт видеоға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын тонау үшін сотталған 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды, - деп хабарлады қалалық ПД.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.