Астанада ер адам жасөспірімді лифттен шығармай қойған

0
284

Бұл туралы ұл баланың анасы хабарлады.


Астанада ер адам жасөспірімді лифттен шығармай қойған

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Астана қаласында ер адам 15 жастағы ұлды лифттен шығармай қойған. Әлеуметтік желіде тиісті видео пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

Zhaloby.astana мәліметінше, оқиға 28 қараша күні Қ.Сәтбаев көшесі, 31-де сағат түнгі 22:10-да болған.

"Бұл ер адам ішімдікке тойып алған сияқты. Ол 15 жасар ұлыма оны өлтіремін деп қорқытып, балағат сөздер айтқан. Кейін баламды тұншықтыруға тырысқан және лифттен шығармай қойған. Баламның қолын бұраған. Полицейлерге де қарсылық көрсетіп, менің жұбайымды қорлады", - деп жазады қала тұрғыны.

Жасөспірімнің анасы ер адам ұсталғанын және 10 тәулікке қамауға алынғанын хабарлады.