Қыздың айтуынша, ол бөкселеріндегі біркелкі емес жерлерді түзеу үшін процедуралар жүргізген.
ERNUR.KZ. Астаналық әйелге қате процедуралар жасаған косметологтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.
2023 жылғы желтоқсанда жәбірленуші сәтсіз жүргізілген косметикалық процедура туралы шағымданған.
Қыздың айтуынша, ол бөкселеріндегі біркелкі емес жерлерді түзеу үшін процедуралар жүргізген. Алайда косметологтар зардап шеккен адамның терісінің астына инфекция салған, соның салдарынан қыз қайтыс бола жаздаған. Түнде оны шұғыл түрде ауруханаға апарып, ота жасаған.
Астана қаласының Полиция департаменті өкілі қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалғанын айтты.
"Соталды тергеп-тексеру органы ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Қазір қылмыстық іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды және қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәижесінде кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деді полиция.