Астанада LRT аумағынан өрт шықты

0
192

ТЖМ күштері 30 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді.


Астанада LRT аумағынан өрт шықты

Астанада LRT аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Алматы ауданында "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы маңында салынып жатқан LRT бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптарда өрт шықты.

"ТЖМ күштері 30 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.