Астанада подъезде балта ұстаған мас ер адам 15 тәулікке қамалды (видео)

0
111

Астанада тұрғындарды шошытқан оқиға бойынша 31 жастағы ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Астанада подъезде балта ұстаған мас ер адам 15 тәулікке қамалды (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада балта ұстап, подъезде жүрген мас ер адам тұрғындарды шошытты. Сот оны 15 тәулікке қамауға алды, деп жазады stan.kz.

Астанада тұрғындарды шошытқан оқиға бойынша 31 жастағы ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғын үй кешендерінің бірінің подъезінде балта ұстап жүрген ер адамның видеосы тараған еді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы жедел анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға ер адамның танысының пәтерінде болған. Сол сәтте үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Ер адамдар бірге алкоголь ішкеннен кейін, қонақ агрессивті мінез көрсетіп, қолына құрылыс құралын алған.

Полицияның хабарлауынша, ер адамның заңға қайшы әрекеттері дер кезінде тоқтатылған. Кейін подъезде жүрген кезде ол әйнекті сындырып, өзі кесілген жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Басқа азаматтар зардап шеккен жоқ.

“Аталған факті бойынша ер адамға қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қазір ол Астана қаласы полиция департаментінің арнайы қабылдау орнында отыр”, – делінген хабарламада.