Астанада шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың суреті бейнеленді

0
93

Ауқымды бейне қаланың бірнеше тұсынан – Сарыарқа және Тұран даңғылдары, сондай-ақ Қорғалжын тасжолы жағынан анық көрінді.


Астанада шолу дөңгелегінде Шәмші Қалдаяқовтың суреті бейнеленді

© Астана қаласының әкімдігі

ERNUR.KZ. 15 тамызда қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Астанадағы алып шолу дөңгелегінде бейнесі бейнеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп жазады sputnik.kz.

Композитордың LED-жарықтандыру технологиясы арқылы жасалған портретінің диагоналі 65 метрді құрайды және ол 53 мың пиксельден тұрады. Ауқымды бейне қаланың бірнеше тұсынан – Сарыарқа және Тұран даңғылдары, сондай-ақ Қорғалжын тасжолы жағынан анық көрінді.
Арнайы тақырыптағы бейнетрансляция композитордың шығармашылығына арналған мерекелік шаралардың бір бөлігі болды.
Айта кетейік, елордада Шәмші Қалдаяқовтың туған күні кең көлемде аталып өтті. Қаланың әр жерінде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған музыкалық акциялар, перформанстар және блиц-сауалнамалар ұйымдастырылды.