Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр - Президент

0
407

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты.


Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр - Президент

ERNUR.KZ. Бүгінде Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Осындай құрылыстардың қайта пайда болуына жол бермеу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгінде Астанада төрт мыңға жуық үлескер баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Бұл – өткір мәселе. Оны шешу үшін батыл қадамдар жасау қажет. Қазір бұл бағытта атқарылып жақтан жұмыстар жеткіліксіз. Биыл үлескерлері бар 16 үйдің құрылысын аяқтау керек. Жыл соңына дейін бұл мәселе толық шешімін табуға тиіс. Осындай құрылыстардың қайта пайда болуына жол бермеу қажет.

Мен қаңтардағы жиында ескі және апатты жағдайдағы үйлерге қатысты кеңірек тоқталдым. Елорданың тұрғын үй қоры ескіріп барады. Бұл – әсіресе, шеткері орналасқан жеке секторға қатысты мәселе.

Көптеген азамат апатты жағдайдағы баспанада тұрып жатыр. Мұндай ғимараттарды сүріп тастап, орнына жаңа үйлер салу қажет. Бұл – өте ауқымды жұмыс. Бастапқы кезеңде бұл жұмысқа мемлекет атсалысуы қажет. Шетелде мұндай тәсіл кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, бұл іске міндетті түрде бизнесті тарту керек. Тұрғын үй қорын жаңартудың басқа жолы жоқ», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.