Эко-шырша мен тоқыма ойыншықтарды жасауға 50-ден астам ерікті қатысты.
фото: Пресс-служба акима Астаны
ERNUR.KZ. Астанадағы Нұржол бульварында шығармашыл еріктілердің құрастырып шығарған ерекше арт-нысан – құрақ-көрпе стиліндегі эко-шырша таныстырылды, деп жазады sputnik.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды қазіргі қалалық кеңістікке бейімдеу.
Жобада дәстүрлі қолөнер заманауи креативті индустриямен ұштастасқан.
"Құрақ-көрпе стиліндегі эко-шырша жобасы алғаш рет 2020 жылы жүзеге асырылған, қалаға тұрғындардың тікелей сұранысы бойынша қайта оралды.Биыл жоба жұмысшы мамандықтар жылы мен жылқы жылынан шабыт алды, бұл еңбекке құрметтің, қозғалыстың, күштің және дәстүрмен тірі байланыстың символы. Шыршаға арналған барлық тоқыма ойыншықтар балалардан бастап аға буын өкілдеріне дейінгі қала тұрғындарының қолымен нөлден жасалды", – деді жоба ұйымдастырушысы Рахима Мұкышева.
Эко-шырша мен тоқыма ойыншықтарды жасауға үш буын өкілдері – әжелер, аналар, қыздар мен немерелерден құралған 50-ден астам ерікті қатысты. Екі күн ішінде 100-ден астам тоқыма ойыншық дайындалған.
Жоба қол еңбегінің, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнер дағдылары мен кәсіптердің маңызын айқындайды, дейді ұйымдастырушылар.


