Президент жаңа формация мамандарын даярлау қажеттігін ерекше айтты.
фото: Пресс-служба президента Казахстана
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін Тамыз конференциясының пленарлық отырысында президент жаңа формация мамандарын даярлау қажеттігін ерекше айтты. Бұл жұмысты орта білімнен бөліп қарауға болмайды.
"Төменнен жоғары қарай біртұтас жүйе болғаны жөн. Осы орайда, 18 жасқа толған жасөспірімдердің мектеп партасында отырғаны қаншалықты дұрыс деген орынды сауал туады. Әдетте Назарбаев зияткерлік мектептерінде және жеке меншік білім ошақтарында солай қалыптасқан. Қазіргі балалар физиологиялық тұрғыдан тез жетілетінін ескерсек, бұл қаншалықты ақылға қонымды? Министрлік осы мәселені қарастырып, қажет болса тиісті шешім жолдарын ұсынады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Астанада қыркүйек айында президент жаңа формация мамандарын даярлайтын Жасанды интеллект университеті ашылады.
"Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтағаны жөн", - деді мемлекет басшысы.


