Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды

0
98

​Ол курьердің көлігіне жығылған.


Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Астанада осы түнде кәмелетке толмаған жас қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен дәл сол сәтте өтіп бара жатқан курьер жігіттің мотобайкына құлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Салдарынан жас қыз алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық полиция департаменті ресми пікір білдірді.

«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады олар.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның себептері мен толық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.