Астанада жел салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры қирады

0
203

6-7 қарашада Астана қаласында қатты жел, көктайғақ, боран күтілетіні туралы дауылды ескерту жарияланды.


Астанада жел салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры қирады

фото: Sputnik / Болат Шайхинов

ERNUR.KZ. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты (желдің екпіні 26 м/с дейін) табиғи сипаттағы бір төтенше жағдай тіркелгенін хабарлайды, деп жазады sputnik.kz.
ТЖД мәліметінше, жоспарлау және жедел басқару орталығына болған оқиғалар бойынша 19 хабарлама келіп түсті.
"Оның ішінде - бір мұнара кранының құлаған. Сегіз шатыр конструкциясы, екі әкімшілік ғимарат щатыры қираған. Бір үйдің балкон конструкциясының бұзылған. Алты көлікке зақым келген", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай инспекторлары қатты желден қираған орындарға барып, белгілеп жатыр.
6-7 қарашада Астана қаласында қатты жел, көктайғақ, боран күтілетіні туралы дауылды ескерту жарияланды. Оңтүстік-батыс жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан да қатты болуы ықтимал.
6 қарашада сағат 21-00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты қар, боран, көрінудің шектелуінен) "Астана – Петропавл",
сағат 23-00 "Екатеринбург-Алматы",
7 қарашада 01-03 "Астана - Павлодар облысының шекарасы республикалық маңызы бар автожолдар барлық қозғалыс жабылды.