ERNUR.KZ. 18 қаңтар күні таңертең Астанада болған жол апатынан жүргізуші мен жолаушы қираған көлікте қысылып қалды, деп жазады Zakon.kz.
Жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін Toyota Camry корпусына зақым келгені сонша, жүргізуші мен оның жолаушысы қираған көлікті өз бетімен шыға алмаған.
"Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шақыру орнына шығып, гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің есіктерін ашып, зардап шеккендерді жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", - деп хабарлады ведомство.
ТЖМ көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимін сақтап, мұқият болу керек екенін ескертті.