Астанадағы автобус апаты: жәбірленушіге ампутация жасалды

0
133

Жедел жәрдем бригадалары стационарларға барлығы 15 адамды жеткізген.


Астанадағы автобус апаты: жәбірленушіге ампутация жасалды

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтерді жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Жедел жәрдем бригадалары стационарларға барлығы 15 адамды жеткізген. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары үйіне жіберілген.

"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және аса ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқасқа ампутация жасалды. Барлық зардап шеккендерге толық көлемде қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген басқарма хабарламасында.


Еске салайық, кеше Астанадағы Республика даңғылында маршруттық автобус жол белгісі орнатылған тіреуішке соғылған болатын.

Бұған дейін 10 адамның жарақат алып, әртүрлі қалалық ауруханаларға жеткізілгені хабарланған. Олардың екеуі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілген.

Жол апатының видеосы жарияланды – онда жолаушылар автобусы Республика даңғылымен салыстырмалы түрде баяу жылдамдықпен келе жатқаны көрінеді. Бір сәтте жүргізуші тізгінге ие бола алмай, бағанынаға соғылады.