Бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізуосы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.
Фото: t.me/ukimet_points
ERNUR.KZ. Ақорда кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-ны тестілік режимде іске қосу мерзімі келесі жылдың аяғына қалдырылғанын айтты. Бұған дейін Астанадағы LRT-ны осы жылы іске қосу жоспарланған еді, деп жазады stan.kz.
"Тестілік режимде іске қосу келесі жылы басталады, келесі жылдың соңында", – деді Скляр.
Бұған қоса ол келесі жылы жолаушылар тасымалы басталатынын да атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізуосы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.
Сондай-ақ таяуда LRT-ның алғашқы екі вагоныҚытайдың Таншань қаласынан Астанаға жөнелтілгенін жазған едік. Алғашқы екі құрамды Астанаға жеткізу 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 вагон осы жылдың соңына дейін жөнелтілмек.