© Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астанадағы республикалық Бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауын беруге шешім шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Жаңа атау ресми қолданысқа енгізілді.
"Жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді",- делінген ресми хабарламада.
Айта кетері Астана қаласының бас мешіті — Қазақстан мен Орталық Азиядағы сыйымдылығы бойынша ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіттің кірпіші 2019 жылғы 18 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қаланды.
Мешіттің 2022 жылдың 12 тамызында салтанатты түрде ашылды.


