Астанадан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті: қазақстандықтар зардап шекті ме

0
422

Төтенше жағдай сенбі күні таңертең Алтай республикасының Оңгудай ауданындағы тас жолда болған.


Астанадан Моңғолияға бара жатқан автобус өртеніп кетті: қазақстандықтар зардап шекті ме

ERNUR.KZ. Астана-Баян-Өлгий бағытында келе жатып өртенген автобуста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ, деп жазады inform.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша бас басқармасының мәліметінше, өртенген автобустың барлық жолаушысы Қазақстан азаматтары болған. Олар кеше Ресей-Моңғолия шекарасын кесіп өтіп, көлік компаниясы берген қосымша автобуспен Баян-Өлгийге сапарын жалғастырды.

Қазақстан Республикасының Омбыдағы Бас консулдығының мәліметінше, осы оқиғаға қатысты отандастар тарапынан шетелдік мекемеге өтініштер түскен жоқ.

Бұрын хабарланғандай, төтенше жағдай сенбі күні таңертең Алтай республикасының Оңгудай ауданындағы тас жолда болған. Автобус шамамен таңғы сағат 6-да «Чуйский тракт» Р-256 тас жолының 720 шақырымында өртенген.

Салонда 50 адам болған, оның 15-і бала. Барлығы өздігінен эвакуацияланған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бір сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Осыдан кейін жолаушылар Инья ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.