​Астанаға Дмитрий Медведев келеді

0
1 045

Бұл туралы бүгін СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров айтты.


​Астанаға Дмитрий Медведев келеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров айтты, деп жазады Baq.kz.

«1 қарашада РФ үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді. Сапар барысында мемлекет басшылығымен кездесу жоспарлануда. Қазақстан мен Ресей үкіметтері басшыларының арасында өтетін кездесуде Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық, өңіраралық, көліктік-транзиттік даму перспективалары және олардың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ Байқоңыр кешенінде өзара әрекеттестік мәселелері бойынша пікір алмасады. Сонымен бірге тараптар екі елдің интеграциялық шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды», - деді баспасөз хатшысы.

СІМ өкілі қарашаның басында Бразилия СІМ Астанаға ресми сапармен келетінін де айтты.

«1-2 қараша Бразилия СІМ Алоизио Нунес Астанаға Қазақстан-Бразилиялық қарым-қатынастары тарихында алғашқы ресми сапармен келеді. Ресми сапар Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуы қарсаңында және екі ел ынтымақтастығының достығын бекітуге жаңа кезеңін бастамақ», - деп мәлімдеді Смадияров.

2017 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 135 млн АҚШ долларынан асты. 2016 жылдан бастап елдер арасында визасыз режим орнатылған.

Сонымен қатар, Айбек Смадияров брифинг барысында Батыс Сахарадағы референдум миссиясында жүрген қазақстандық үш әскери қызметкер елге оралатынын айтқан болатын.