Астаналық мас ер адам таксистің көлігін ұрлап, бір әйелді қағып өлтірді

0
900

Ер адам жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен.


Астаналық мас ер адам таксистің көлігін ұрлап, бір әйелді қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда мас тұрғын таксистің көлігін айдап әкетіп, жолда екі адамды қағып кеткен. Зардап шеккендердің бірі қаза тапты, деп жазады Tengrinews.kz.

Полицияға көліктің ұрланғаны жайлы хабарлама 6:52-де түскен.

"Бизон" кафесінің маңында белгісіз адам такси жүргізушісін ұрып-соғып, Lada автокөлігін айдап әкетіп, тығылып қалғаны жайлы ақпарат түсті. 6:58-де сол автокөлік Тәуелсіздік даңғылында жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты, кәмелет жасқа толмаған (2005 жылы туған) жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Патруль полициясы ішімдік ішкен 23 жастағы күдіктіні ұстап, Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамады", - деді құқыққорғаушылар.


Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өліміне алып келген жол ережесін бұзу" және "Айдап әкету" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.