Ата-аналар әскери комиссариаттың алдына жиналды: Алматылықтар жігіттердің жоғалып жатқанын айтып дабыл қақты

0
31

Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде әскерге шақыру жасына жеткен жігіттерді көшеде жүргін жерінен әскери комиссариатқа алып кетіп жатқанын айтты.


Ата-аналар әскери комиссариаттың алдына жиналды: Алматылықтар жігіттердің жоғалып жатқанын айтып дабыл қақты

Фото: ЖИ

ERNUR.KZ. 19 жастағы алматылық жігітті ата-анасы екі күн бойы іздеп, Бостандық ауданындағы әскери комиссариаттан тапқан, деп жазады stan.kz.

Threads желісінің қолданушысы танысының 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтты. Амалы таусылған ата-ана жігітті қаладағы ауруханалар мен мәйітханалардан іздеп, полицияға да арыз берген.

“Көшеден әскери комиссариат қызметкерлері күштеп алып кеткен болуы мүмкін деген күдік болды. Бостандық аудандық әскери комиссариат алдында дәл осылай жоғалған баласын іздеп жүрген ата-аналар көп, кейбірі үш тәуліктен бері жауап күтіп жүр. Көшеден балаларды әкетіп қалады, одан қалса туыстарымен хабарласуға мүмкіндік бермейді. Тірі ме, жоқ па, қайда екенін білмейміз. Бізде әскери жағдай енгізілгендей, жігіттерді көшеден алып кетеді”, – деп жаздыжелі қолданушысы.

Айуынша, танысының ұлы оқуынан академиялық демалыс алған. Сондай-ақ бұған дейін жігіт өз еркімен әскери комиссариатқа барған, шекара қызметінде әскери борышын өтеуді қалаған. Бірақ салмағы сәйкес келмегендіктен, оған салмақ жинауға уақыт берген.

Екі күн ұлынан хабар ала алмаған ата-ана оны Егізбаев көшесіндегі әскери комиссариаттан тапқан.

“Түнгі бір жарымда ата-анасы ақыры баласын тапты, оның тірі екені, қайда екені белгілі болды. Біздің елде не болып жатыр? Әскери комиссариаттағылар не себепті бұлай жасайды? Бала бұйрыққа қол қоймайынша, олар оған телефон ұстатпайды, ата-анасына да ешқандай ақпарат бермейді”, – делінген жазбада.

Алайда араға уақыт салып автор жігіттің қауіпсіздігі үшін жазбаны өшіріп тастады.

Қорғаныс министрлігі бұған дейін осыған ұқсас жағдайларға байланысты әскери комиссариат қызметкерлеріне шақырылушыларды қоғамдық орындар мен жоғары оқу орындарынан әкелуге толық тыйым салынғанын, мұндай өкілеттік ішкі істер органдарының құзыретінде екенін айтқан.

“Әскерге шақыру жасындағы азаматтарды көшеде ұстап, алдын ала хабарлама немесе шақыру қағазынсыз әскери комиссариатқа жеткізген жағдайлар анықталмады. Шақыру жасындағы барлық азаматтарға тиісті түрде хабарлама жіберіледі”, – деп түсіндірді министрлік.