Көпшілікті алаңдатқан сұраққа жауап берді.
ERNUR.KZ. Энергетика министрі атом электр станциясын салуға қатысты ойын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz.
Елімізде әзірге атом электр станциясы салынбайды! Көпшілікті алаңдатқан сауалға қатысты алғаш рет пікірін білдірген Энергетика министрі осылай дейді.Қанат Бозымбаевтың сөзінше, әзірге бұл мәселе тек зерттелу үстінде.
–Мен бұл тақырыпты талқылауға әлі толық дайын емеспін. Бірақ, нақты айта алатыным Қазақстанда атом станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Біз әзірге тек қана станцияны салудың қатерлерін тексеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз, - деді Қанат Бозымбаев.