Аты-жөнін ауыстырған адамның ЖСН-і өзгере ме

0
82


Аты-жөнін ауыстырған адамның ЖСН-і өзгере ме

Коллаж: Kazinform

ERNUR.KZ. Қазақстанда азамат аты-жөнін өзгерткен жағдайда оның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) өзгермейді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, деп жазады kaz.inform.kz.


Оның түсіндіруінше, сәйкестендіру нөмірі азаматтық хал актілерін тіркеу және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру кезінде беріледі.
“ Азаматқа жаңа құжат берілген сайын ЖСН қайта берілмейді, яғни аты-жөнін өзгертіп, құжаттарын жаңартқан жағдайда да бұрынғы ЖСН-і сақталады. Тек бала асырап алу және ЖСН-ді есептеу кезінде қате кеткен жекелеген жағдайларда ғана жаңа нөмір берілуі мүмкін. Осылайша, азамат атын, тегін немесе әкесінің атын өзгерткеннен кейін де мемлекеттік цифрлық жүйелерде бұрынғы ЖСН-і арқылы сәйкестендіріледі “, -деді төраға орынбасары.

Оның мәліметінше, аты-жөні өзгерген кезде мемлекеттік цифрлық жүйелердегі деректер жаңа мәліметтерге сәйкес жаңартылады. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі деректердің өзгеру тарихы сақталып, олардың өзара байланысы қамтамасыз етіледі.

Осылайша, азамат аты-жөнін бірнеше рет өзгерткен жағдайда да бұрынғы және қазіргі деректерінің бір адамға тиесілі екені ЖСН мен деректердің өзгеру тарихы арқылы анықталатын болады.