​Атырау әуежайында байқаусызда оқ атқан полицей бұрын «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған

0
1 467

Мәмбетияров 2011 жылы алты азаматты құтқарып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.


​Атырау әуежайында байқаусызда оқ атқан полицей бұрын «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған

ERNUR.KZ. Атырау халықаралық әуежайында полиция қызметкерінің табельдік тапаншасынан абайсызда оқ ату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Салғырттық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 31-наурызда Астанадан ұшып келген ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Марат ӘЛКЕНОВ мәлімдеді, деп жзады АқЖайық.

Марат Әлкенов

- Бүгін таңертең ауруханаға зардап шегушіге бардым. Оның қызметкерге де, департаментке де ешқандай шағымы жоқ. Наталья Дажук ханым ақылы палатаға ауыстырылды, барлық медициналық шығындарды біздің департамент төлейді, - деді Әлкенов. – Бұл оқиғаға кінәлі, полиция сержанты МӘМБЕТИЯРОВ полиция қызметкерінің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Атырау әуежайындағы ЖПБ бастығы мен оның кадрлар және қызмет жөніндегі орынбасарлары лауазымынан босатылды. Бұдан басқа, Ішкі істер министрі Атырау облыстық желілік полиция бөлімінің бастығын лауазымынан босату туралы бұйрыққа қол қойды.

- Қылмыстық істі кім тергейді? Тергелуші қазір қайда?

- Тергеумен ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері айналысуда. Бұрынғы полицей қазір үйінде. Ол екі баланың әкесі, үшінші баласы дүниеге келмек.

- Мәмбетияровты сипаттап берсеңіз.

- Ол полицияда 2007 жылдан бері жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде ол айыптайтындай ешбір әрекетімен көзге түспеген. Оның үстіне, 2011 жылы алты азаматты құтқарып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Өткен аптада полигонда болып,атудан «өте жақсы» нәтиже көрсеткен. Яғни, қаруды жақсы меңгерген, дегенмен, мұның қалай болғаны түсініксіз. Тергеу анықтайды.

Полицей будкасы

- Полицей будкасында оқ тұтқыш болмаған ба?

- Болған, дегенмен де, қате ғой. Осы оқиғадан кейін бүкіл ел бойынша ЖПБ полицей будкалары тексеріледі. Бәлкім, оларды қайта жасау керек шығар.

Будкадағы оқ тесіп өткен жер

Қазір 37 жастағы зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Ертең ол

МРТ-ға түседі, егер бәрі жақсы болса, ауруханадан шығарылады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.