"Атырау" клубының бас менеджері "Ордабасыға" қарсы матчтан кейін ауруханаға түсті

0
166

Оқиға Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында "Ордабасыға" қарсы өткен матчтан кейін болған.


Сурет: "Атырау" футбол клубы

ERNUR.KZ. "Атырау" футбол клубының бас менеджері Мақсат Тұмалиев шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында "Ордабасыға" қарсы өткен матчтан кейін болған.

Тұмалиев Instagram-дағы сторисінде жедел жәрдем көлігінен видео жариялап, футболшыларға үндеу жасады.

Сондай-ақ қан қысымының жоғары екенін көрсететін тонометрді де бөлісті.

Сурет: Instagram/maksat_tyumaliyev

"Матчтан кейін жедел жәрдеммен алып бара жатыр. Жігіттер, рақмет, рақмет. Сендер менің қаһармандарымсыңдар", – деді ол.