Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта 4 өңір бар.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан 28 мамырдағы жағдай бойынша:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше "қызыл" аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «сары» аймаққа өтті.


