Атырау облысында 55 жастағы әйел көрші зейнеткердің бетіне сірке суын шашқан

0
117

27 қазанда Қосшағыл ауылында зейнеткердің бетіне белгісіз біреу сірке суын шашып кеткен.


Атырау облысында 55 жастағы әйел көрші зейнеткердің бетіне сірке суын шашқан

фото: Free-Photos

ERNUR.KZ. Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылында зейнеткердің бетіне сірке суын шашқан күдікті ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Зейнеткерге шабуыл жасады деген күдікпен көршісі ұсталды.
"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 55 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полиция.
Айта кетері, 27 қазанда Қосшағыл ауылында зейнеткердің бетіне белгісіз біреу сірке суын шашып кеткен.
"Белгісіз әйел үйге кіріп, 62 жастағы үй иесіне өткір иісті сұйықтық шашқан, содан кейін зергерлік бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан жасырынған", - деді полиция.
Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ, дейді полициядағылар. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Атыраулық полицейлер тұрғындарға қарт туыстардың қауіпсіздігін бақылауда ұстауды ескертті.