Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Фото: photocentra.ru
ERNUR.KZ. Атырау облысында теміржол бойында ер адамды пойыз қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға 13 тамызға қараған түні болған.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде теміржол бойында пойыз қағып кеткен ер адам түсірілген видео тарады.
Осы дерек бойынша Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
– Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.


