4 қазақстандық боксшы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты

0
104

Санжар Тәшкенбай, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай өз салмақ дәрежелерінде көш бастады.


4 қазақстандық боксшы World Boxing рейтингінде бірінші орынға шықты

Фото: kursiv.media

ERNUR.KZ. World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Тізімде төрт қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға жайғасты.

Атап айтқанда, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) рейтинг көшін бастады.

Ал Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) мен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өз салмақ дәрежелерінде үшінші орынға жайғасты.

Бұдан бөлек, бірқатар қазақстандық боксшы үздік ондыққа енді. Олардың қатарында Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) пен Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) төртінші орынға тұрақтады. Надежда Рябец те (80 келіге дейін) төртінші сатыға жайғасты.

Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Виктория Графеева (60 келіге дейін) алтыншы орынға орналасты. Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) жетінші орынға жайғасса, Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін) және Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) тоғызыншы сатыға тұрақтады. Ал Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) үздік ондықты түйіндеді.