Атырауда эвакуация кезінде оқушылар көпшіліктің арасында қысылып қалды

0
88

Кейбір балалардың денесі көгеріп, оларға медициналық көмек көрсетілді.


Атырауда эвакуация кезінде оқушылар көпшіліктің арасында қысылып қалды

фото: Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Атыраудағы Binom "Жайық" мектебінде оқу-жаттығу эвакуациясы кезінде бірнеше оқушы көпшіліктің арасында қысылып қалған, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 17 қарашада болған.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқу-жаттығу алдында оқушыларға сырт киімдерін өздерімен бірге алып шығу ескертілген. Алайда эвакуациядан кейін балалардың бір бөлігі киім ілетін орынға қарай асығып, сол жерде кептеліс пайда болған.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, жоспарлы эвакуация кезінде шығаберісте оқушылар көп жиналып қалған. Соның салдарынан бірнеше бала көпшіліктің арасында қысылып, кейбірінің денесінде көгерген іздер пайда болған.
"Барлық балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Ата-аналарына жеке хабар берілді. Қазір оқушылардың жағдайы тұрақты", – делінген мектептің хабарламасында.
Мектеп әкімшілігі оқиғаның себебін анықтап жатыр. Оқушылар мен педагогтер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ мұндай жағдай қайталанбауы үшін эвакуация жоспары қайта қаралып, оқу-жаттығуларды ұйымдастыру тәртібі күшейтіледі.