Бүгінгі күні облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 873 жағдай тіркелген.
Атырау облысында соңғы аптада COVID-19 жұқтыру жағдайы азайды. Өңірде соңғы бір аптаның ішінде қауіпті індетке шалдыққан адамдардың саны 210-ға азайған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
"Бүгінгі күні облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 873 жағдай тіркелген. Бір күннің ішінде 177 адамның қауіпті індетке шалдыққаны айқындалып отыр. Бұрынғы тіркелген жағдайлармен салыстырғанда, бұл соңғы бір аптада COVID-19 жұқтыру жағдайы 210-ға азайғандығын көрсетеді", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Айта кетейік, бүгінде облыстағы коронавирустан жазылып шыққандар саны ауырып шыққан адамдардың 60 пайызын құрайды. Нақтырақ айтқанда 5 253 адам COVID-19-дан айықты.