Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат берілген шетелдіктер қатары көбейді

0
435

Биылғы жыл басынан бері 17 337 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілген.


Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат берілген шетелдіктер қатары көбейді

ERNUR.KZ. Атырау облысында уақытша тұруға рұқсат берілген шетелдіктер қатары көбейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы жыл басынан бері 17 337 шетелдікке уақытша тұруға рұқсат берілген.

Оның ішінде 2 514 адам алыс шетелдерден келгені анықталған. Сондай-ақ, ТМД елдерінен келген 14 823 адам тіркелген.

«Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың еліміздің көші-қон заңдылығын сақтауын ұдай назарда ұстап отыр. Биылғы жыл басынан бергі 4 айда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 775 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 70 шетелдік еліміздің аумағынан тысқары шығарылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осы кезеңде өзге елден келген 110 адамға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығы берілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында уақытша тұру үшін 12789 шетелдікке рұқсат берілгені айтылған болатын.

«Биыл Атырау облысында уақытша тұру үшін 12 786 шетелдікке рұқсат берілді. Оның ішінде 2 514 адам алыс шетелдерден келген. Ал, ТМД елдерінен келгендер саны 10 272 адамды құрайды. Шетелдіктердің арасынан көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін 2 227 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еліміздің аумағынан 54 шетелдік тысқары шығарылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, көші-қон заңдылығын бұзған шетелдіктерге 6 млн 437 мың 331 теңге айыппұл салынған. Айыппұл толықтай өндірілген.